Партия газеті

Бұл бетте «Партия газеті» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 619
Төрттен бірін жасап бүкіл ғасырдың
Тұғырыңда тұрсың толып мүшелін;
Большевиктік сөздің даңқын асырдың,
Сайрап тұрған бұлбұл тілді шешенім.
Тегеурінді қанат қаққан қырандай,
Жауды жайқап жарқ етті қияғың.
Сен саңқылдап партия үнін ұрандай
Шыққанында,— тұрған елім құлағын.
Құстай ұшып Ұлы Отанның даласын,
Қиқу салып жерің бар ма бармаған,
Оқығанда ашып ойдың арнасын
Жан аз шығар сені қолға алмаған.
Айна дайын сенің айқын жүзіңнен
Көрді елім күн келбетін өмірдің.
Меруерттей сөзің әрбір тізілген,
Нұр ойнатқан сарайына көңілдің.
Сен қолыңда — бақташының, малшының,
Сен қолында — білімпаздың, ақынның,
Сен — өмірдің көрсететін бар шынын,
Сөзің туған сәулесінен алтын күн.
Сен жеткіздің жырдай шырқап халыққа
Жада өмірде заңның алтын сәулесін,
Сөзден құйған ұсайсың бір алыпқа
Терең ойдың ту ғып ұстап бейнесін.
Соғыста да сөзді оқтай саулаттың,
Оттан қайтпай, қан майданмен тілдестің,
Окобында бірге жатып солдаттың,
Сұр шинельге бірге оранып сөйлестің.
Жау оғына жыртылмады броньдай
Төрт бұрышты төрт бетіңнің шаршысы,
Ер қолында жарқылдай бер құралдай,
Партияның жалынды сөз жаршысы.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Партия газеті өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Партия газеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Партия газеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Партия газеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері