Адам сырын мен көзден-ақ түсінем – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Адам сырын мен көзден-ақ түсінем» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1380
Адам сырын мен көзден-ақ түсінем,
Күлім көздер отыр небір жәудіреп.
Осы кеште сол көздердің ішінен,
Ықыласым біреуіне ауды көп.
Тапқан жоқпын шығатұғын жол әлі,
Шарықтайды көк аспанды ой талмай.
Ол да отыр жалт-жұлт етіп жанары,
Атайын деп, бір нәзік сыр айта алмай.
Қанша ділмар, қанша шешен болсаң да,
Махаббатта айтылар сөз, тіл басқа.
Отың болып, маздап келіп жансаң да,
Қандай қиын балаң сезім алғашқы, ә?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам сырын мен көзден-ақ түсінем өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Адам сырын мен көзден-ақ түсінем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам сырын мен көзден-ақ түсінем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам сырын мен көзден-ақ түсінем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері