Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 958
Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде,
Сексен тау діріл қақты жер бетінде.
Жабылып жырын айтты жыршы құстар
Тыраулап қайтып келіп елге түнде.
Ақ бұлттан аппақ шарф тартып алып,
Асау жел, кең далаға аңқы барып.
Қыр жақта қырық түрге құбыларсың,
Жүрмесең төзіміңді сарқып алып.
Барады кең ашылып бұлақ көзі,
Жайқалып көзді алдаған құрақ кезі.
Арманның көру қиын ақ дидарын,
Жүргесін жалау ұстап жырақта өзі.
Ақ тұма, көкпеңбек жел, көгілдір көл,
Жанымды айдыныңа шомылдыр, кел.
Бата алмай ұясына қарайлады
Қызыл күн жанарына шоқ іркілген.
Сапсыған тау үстінде самырсын-ән,
Қалыпты азаюмен жалын-шыдам.
Лүпілдеп жүрегімен жер-ананың
Түйілген түкпірдегі жарылшы, дән!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері