Ойға қалсаң, басыңа не келмейді – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ойға қалсаң, басыңа не келмейді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Ойға қалсаң, басыңа не келмейді,
Еш уақытта дүние теңелмейді.
Қандай қоғам орнасын бұл пәниде
Күшті, тістілер ғана кемелдейді.
Әсте ұтпайды билеген ар-намысы,
Ар аттаған танылып арлан кісі,
Жүреді екен жер басып жалған кісі,
Шен, шекпенді атанып тарлан кісі.
Екі қоғам, саясат екі түрлі
Куәсі боп таныдым осы ғұрлы
Келеңсіздік билеген дүниені
Кемелді деп шатасқан келер күнді.
Өнерлі бол ғұлама кемел мейлі,
Өрлеп биік ғарышқа теңел мейлі,
Байлық, билік болмаса, жоқ-жітікті
Күрмелмейтін қысқа жіп көгендейді.
Қоғамын ол — бар мен жоқ, аш пенен тоқ.
Саясат ол — айла-амал әрекет тек.
Билік, байлық бәрі бос әурешілік
Сол байлығың түгесер ғұмырын жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойға қалсаң, басыңа не келмейді өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ойға қалсаң, басыңа не келмейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойға қалсаң, басыңа не келмейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойға қалсаң, басыңа не келмейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері