Өмір алан, боп кетті етер ойын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өмір алан, боп кетті етер ойын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Өмір алан, боп кетті етер ойын,
Ойындардың көрдік қай небір сойын!
Ал ойыншық — тағдыры адамдардың,
Қоса орнатқан қорлығын сенген қойым...
Сенген қойым заң орны еді амал қайсы!
Заңды бұзып өздері келсе қайшы.
«Күйсегенің...» дегеннен не шығады
Түлкі уәзір заманда қасқыр қойшы...
Байкал, бауырым, сөз төркінін танып айт,
Мәнін біліп, мағынасына барып айт.
Байлар ғана теңдесі жоқ текті деп...
Өзіңді де, көпті де есіңе алып айт.
Текті дейді ел бастаған көсемді,
Мәнді сөзбен көпті ұйытқан шешенді.
Текті ме екен көпті тонап байыған,
Пысықсымақ қағып кеткен есеңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір алан, боп кетті етер ойын өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өмір алан, боп кетті етер ойын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір алан, боп кетті етер ойын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір алан, боп кетті етер ойын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері