Күнәһар

Бұл бетте «Күнәһар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Асылдың арзандауы мүмкін бе екен? –
Байқаймын, бүгін құлқың, күлкің бөтен.
Қасқырды көргендейін қойға шапқан
Жүрегім неге сонша жұлқынды екен?..
Сатылған сезім салты салқын ба екен? –
Байқаймын, бұрынғыдан қалпың бөтен.
Қарадай қарап тұрып, қас қағымда
Неліктен қаным ішке тартылды екен?
Түріңнен секем алдым түлкідейін...
Құлқыма құрбан болған күн тілейін!
Намысты наркескендей жарқ еткізіп,
Ұятты жағадан ап сілкілейін!
Ожданның оятайын түртіп шабын,
Алайын Абыройдың сілкіп шаңын!
Көзімнің шарасына қан құйылып,
Жиылсын кірпігіме кілкіп сағым!
Аярдың қақ айырсын кебенегін –
Ұшына у жағайын селебенің!
Қасірет таңбасындай һарам тəнге
Қадалсын көзден ұшқан жебелерім!
Айрылып бас еркінен,
Бақсыға еріп,
Аранын ашқан екен нəпсі-желік.
Аһ ұрған,
Ажал тапқан аяр неме
Астында аяғымның жатсын өліп!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнәһар өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күнәһар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнәһар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнәһар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері