Ағайынмен аз сөзге келсең барлап – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ағайынмен аз сөзге келсең барлап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 581
Ағайынмен аз сөзге келсең барлап,
Күнкөрістің қиынын төгеді зарлап.
Биліктілер бұларды қайыршы ғып
Әлі тумағанның жүр қамын қамдап.
Енді елу жылдан соң мол боламыз...
Қазақ жерін ен жайлап, қол боламыз...
Әбден интернационал болып таза
Аты бар да заты жоқ ел боламыз...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері