Адам - пенда – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Адам - пенда» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 550
Тағылығы дейміз ғой тағы ісін —
Күнкөріске тек қана бағынышын.
Жан иесі атаулы ішіндегі
Саналы істің адам ғой тәңірі шын.
Жіберіп көр еркіне сол адамды,
Құдай білсін қайтерін бұл ғаламды.
Біреуі атап, біреуі сұлу аулап,
Бірі дүние құлы боп тұлғаланды.
Іркіп, бүркеп, білдірмей кей сұмдығын,
Адам ойлап істейді зұлымдығын.
Іші ондай адамның қашан болсын
Бұлты қою тәрізді бұлыңғыр күн.
Тіпті мұнын бәрінен дара тұрған,
Ең ізгі, ең кемеңгер дара тұлғаң
Кейбірі «алтын көргенде жолдан тайып»
Гәп танытар пәнда боп жаратылған.
Өмір күрес дегенің осылардан
Басталмай ма барына қосып алған.
Әлсізге әлді күштілік етеді ғой
Бар тағдырын қасқайып тосып алған.
Олай болса, қоғам да күштінікі,
Ұйтқысы көп тілді мен тістінікі.
Айласы мол, әрекет, қулық-сұмдық
Ұйыстыра білетін істінікі.

1993 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам - пенда өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Адам - пенда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам - пенда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам - пенда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері