Көзіме қарамашы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көзіме қарамашы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 478
Көзіме қарамашы,
Адалмын айналайын!
Тұрғам жоқ деп өзіңнен
Ат, атан байланайын.
Елім деп шүберекке
Жан түйген азаматқа
Тілекті жалған айтып,
Мен неге айлалайын,
Биікті аласартып,
Неліктен майдалайын,
Адалмын айналайын!
Халықты сүттей ұйып
Отырған іріткісі Келетін
Күш пілдердей
Емеспін бүлік кісі.
Жүрегімнен орын алды
Парасаты биік кісі.
Қабылдап шешіміңді
Құп алар ұйып кісі.
Деп жүрген бір тұлғасың
Елімнің сүйіктісі.
Бола бер тілектеспін.
Халқымның ұйытқысы.
Әлемге асырдың сен
Танытып қазақ атын
Еліме арқа тірек
Аяулы азаматым.
Мегзеген болашақты
Арайлы тұрсын таңың
Халқымның бақытына
Жасай бер, НҰРСҰЛТАНЫМ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзіме қарамашы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көзіме қарамашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзіме қарамашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзіме қарамашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері