Тойың тойға ұлассын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тойың тойға ұлассын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1617
Алауламай, аймағыңа бұлқымай,
Сыпайы ылғи, сырбаз ғана бір сыңай.
Ақырын жүріп, анық басып келесің
Ел қазақтың ақын қызы Тұрсынай.
Тағдыр сынын халқыңменен бір көріп,
Өмір сырын өлеңіңе бірге өріп.
Жүрсең дағы қиыр жайлап, шет қонып,
Қиындықта көргенің жоқ сыр беріп.
Өз еліңнен бұрын Саха таныды,
Жүрегіңді намыс оты қарыды.
Төзім таптың тек еңбекке табындың
Өлеңінде ғана қалды сарыны.
Тағдырласым, тереңдеп мен не дейін,
Кездестірмес кім өмірдің өгейін.
Жарып шықтың, алып шықты еңбегің
Биіктей бер, есе берсін мерейің.
Жүзің жарқын ашық болсын алда да
Өлең өзен таси берсін арнада.
Бір болса да бірегейің боп өссін
Бақыт құсың, сүйенішің Сардана.
Ақ тілегім — тойың тойға ұлассын,
Асқақ жырың асқар өрлеп, шың ассын.
Сыпайы ылғи осы сырбаз қалпында от
Болмасын да енді татар бір ашшың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойың тойға ұлассын өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тойың тойға ұлассын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойың тойға ұлассын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойың тойға ұлассын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері