Жақындарыма – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жақындарыма» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 838
Пана болып-ақ бақтым мен сендерге
Қарсы тұрып тағдырдан келген керге.
Сан еркекке алдырмай көкірегімді,
Намыстарың жібермей менмендерге.
Аға дедіңдер, аға болмадым ба?
Сенімдеріңді сенген қорладым ба?
Батыр ағаң бастатқан талайыңа
Болдым қорған — қара орның, орманың да.
Мен табылып бақтым-ау сан биіктен.
Зейіндеріңе содан не түйіп ең?
Есіл еңбек еңіреп, еңсем түсіп,
Сан қалдым ғой шыға алмай мен күйіктен.
Ойласаңдар сендерден не тілеймін,
Айтқанды істе өмірге бекі деймін.
Бойларындағы қаным қарайлатып,
Жетегінде келемін жетім ойдың.
Көптіктерін көрсетіп бақтың маған,
Белгілі ғой бәрібір барар сағаң
Тіріде адам қадірін білген бе адам,
Көз жұмған соң есіңе түсер бағам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақындарыма өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жақындарыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақындарыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақындарыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері