Елка – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Елка» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1115
Балалар, бізге елкаға
Келді міне дед Мороз;
Кел, дед Мороз, дед Мороз,
Жоғары шық, төрге оз!
Сақалын, сұлу күмістей,
Кіршіксіз киім қардай боз;
Елкаға кел, баланың —
Сәлемін ал, қолың соз!
Тоңсаң жылын, дед Мороз,
Елканың оты жағылған,
Шығым жылы болсын деп,
Елка тонын жамылған.
Қызықты тоным болсын деп,
Қымбатты заттар тағынған;
Елкаға кел, ардақты
Дед Мороз, қырау жамылған.
Дед Мороз, бойың баладан
Анағұрлым аласа,
Болсаң да тапал, қылығың,
Мінезің сенің тамаша.
Безенген сұлу заттармен
Елкаға егер қарасаң —
Күлімдейді кескінің
Шат көңілді балаша.
Кел, дед Мороз, елканы
Балалармен тойлайық.
Көтере шырқап дауысты,
Ән салайық, ойнайық!
Заманның біз бұлбұлы,
Жазы, қысы сайрайық,
Өмір қызық елкадай,
Елкадай біз де жайнайық.
Біздің Отан жазбен тең,
Сыйлайды суық қыстарын;
Күмістей қымбат көреміз,
Ақ қардың біз мысқалын.

1938


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елка өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Елка өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елка өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елка өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері