Ағаның «ақылы» – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ағаның «ақылы»» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7981
Айтайын сыр саған мен:
Дойбы ойнап бір ағаммен,
Үш-төрт рет қалдырдым,
Құмарымды қандырдым.
— Жақсы ойнадың, інішек,
Біз де бір кез білгіш ек!—
Деді ол түйіп қабағын,—
Нашар бірақ сабағың!
Көп ойнайсың дойбыны,
Зияны мол,
Қой мұны!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері