Кел, ойна – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Кел, ойна» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 989
Есік алды кең арна,
Арнадағы көгалға
Ағаларым еккен-ді
Сорты бөлек көп алма,
Екіде екем мен онда.

Есік алды кең арна,
Арнадағы көгалда
Әр ағаштың басында,
Құжынаған көп алма,
Таяп қалдым деп оған.

Біздің ауыл кең аула,
Жемісті ағаш көп онда.
Шым жатқызып жасадық,
Гүлді алаң, көгалда,

Кластастар, кел, ойна!
Біздің ауыл көп аула,
Әр ауылда көл – айна.
Жағалауы көк алма,
Піспей тұрып оларды,

Бауырларым жеп алма.
Саясында салқындап,
Көгалында кел, ауна
Гүлді алаңда көп ойна!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері