Қойдырдым – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Қойдырдым» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1128
Жеңгем айтты:
«Әлгі қайыным – түйнекке,
Десем бүйтіп үйретпе!
Тілімді алмай кенжемді
Дәндетті тіл, бүйрекке.

«Шешең болсам егер мен
Түсірмес ем төбемнен!»
Деп жетелеп қалмайтын
Той-томалақ дегеннен.

Төрттен енді асқан-ды,
Ас та әңгіме бастайды.
Тамақ құрлы көрмейді,
Ет пен майдан басқаны.

(Қиқарын-ай Ермектің!)
Не десе де көнбеппін.
Бірақ әр күн жеңсігін
Қайдан тауып бермекпін?..

Ел не десе, о десін,
Балалыққа көнесің.
Жалғыз лақ бар еді,
Ұры әкеткен енесін.

Алдасам да көнбейді,
Айтқаныма сенбейді.
Тірі лақтың бүйрегін –
Тілін алып бер дейді.

Ақыр соны сойдырып,
Қарынымды тойдырдым
Мал қалмады,
Ермектің
Қылығын да қойдырдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері