Өлең, жыр, ақындар

Қазығұрт

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2082
Бабалардың ізінен
«Алла» деп бір ерейін,
Бүлкілдесін көмейім,
Сөз маржанын терейін,
Қатпар-қатпар тарихты,
Зерделейін өрейін,
Қойнауына ғасырдың
Тереңдетіп енейін,
Қазынасын Түріктің,
Өлеңдетіп берейін,
Түркі жұрттың нұр шашқан
Шуағына бөлейін.
Көкбөріден тараған,
Жаратылған даладан.
Ұлы күштің иесін
Көк тәңірі санаған,
Қуат алған ғарыштан
Ер түріктер аламан,
Бұл даланың өздерін
Қожасына санаған.
Түркістанның іргесін
Көктәңірі қалаған.
Адамзаттың ұрпағы
Түрік жұрты жайлаған
Ен даладан тараған.
Былай деді бар аңыз:
Топан басып жер бетін,
Ораныпты дала «мұз».
Нұһ пайғамбар кемесі,
Жалғыз аман қалқыпты.
Ал тіршілік көктейтін
Соған сенім артыпты.
Адам Ата екінші
Мақұлықты қос-қостан
Кемесіне артыпты,
Су бетімен сонан-соң,
Тәуекел деп тартыпты.
Ай астынан өшкенде
Тіршіліктің елесі,
Таулар біліп тұрыпты –
Жер бетінің төресі,
Қайда тоқтар Нұһ деген
– Сыналатын жер осы!
Дауласыпты тауларың
Көрінгенде алыстан
Пайғамбардың төбесі
Бірақ бұған жетпепті
Ешкімнің де өресі,
Ұлы Алла жарлығы
Таң қалдырып барлығын,
Қазығұртқа тоқтапты,
Нұһ пайғамбар кемесі!
Осы айтылған сөздерге
Тылсым ғасыр төреші.
Ұлы Түрік елінің,
Ұлы Түрік жерінің,
Кіндігі осы Қазығұрт,
Көктәңірі бөрінің.
Жандырыпты қайтадан
Тіршіліктің көрігін,
Адам Ата екінші –
Нұһ пайғамбар өзі еді,
Қазығұртта көктеген
Тіршіліктің өзегі.
Топан суға қаптаған
Ғарық болған жер беті.
Жарық болған ол кезде
Қазығұрттың келбеті,
Адамзатты қайтадан
Қазығұрт тау тербетті.
Су апаты жойылып,
Адам қайта ер жетті.
Адамзатқа тылсымнан
Бақ орнатқан, Қазығұрт,
Екінші Адам-Атаға
Тақ орнатқан Қазығұрт,
Ғайып Ерен, Шілтенді
Самалдатқан Қазығұрт.
Жаса, жаса Қазығұрт
Жер бетінің киесі!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорқытпа мені өлтіремін деп

  • 0
  • 0

Қорқытпа мені өлтіремін деп,
Ажалым жетсе өлермін.
Онсыз да күнде мертігемін көп,
Ажырай қоймай менен мұң.

Толық

Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ

  • 0
  • 0

Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ,
Одан бөлек бойымда түйме мін жоқ.
Есігіңнен сығалап, тесігіңнен,
Өзімді-өзім терідей иледім көп.

Толық

Балаш апа

  • 0
  • 0

Жетім кемпір бір өзі қой бағатын,
Жетім тамды жеті рет айналатын.
Сырқыраған тізесін шандып байлап,
Күбір-күбір сөйлейтін, ойланатын.

Толық