Сақидың тілегі – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сақидың тілегі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 832
Сол бір жан
Маңдай тер,
Табан ақысымен тапқан
Ақшасын —
Көшеде —
Жоғалтып алды.
Өзі тас кедей еді,
Сорына
Сор артып алды.
Бірақ ол
Өкінген жоқ.
Ақшамды
Қайтара гөр деп
Аллатағалаға жалбарынып
Өтінген жоқ.
Ол жанның
Жаны жайсаң,
Санасы өткір еді...
Бар болғаны,
Ақшамды,
Ақшаға қақалған
Әлдекім емес,
Ақшаға зәру
Бір бейшара
Тауып алса екен
Деп тіледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері