Өлең, жыр, ақындар

Ертегісіз шындық

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 597
Мына біреу келді де
Тып-тыныш күнімді
Ұмар да жұмар қылды.
Жарқырап тұрған күнімді
Түртсе көргісіз
Тұман қылды.
Сол-сол екен
Оңға жүрсем
Солға кеттім,
Солға жүрсем
Оңға кеттім...
Бүгініме
Зорға жеттім.
Жер астынан шыққандай
Қасыма келген
Ербиген біреу
Мені бір
Жансыз зат сияқты
Олай-бұлай
Қарап алды.
Сонан кейін
Өз-өзінен ашылған
Қара жер астынан
Қару-жарақ алды.
Далама ілінген
Айна сияқты
Атырауым мен
Балқашымның,
Аралым мен
Алакөлімнің беттерін
Бір-бірден ұрып
Быт-шытын шығарды.
Ербиген сол жанның
Түр-түсін
Анықтап! —
Біле алмай қалдым.
Дүние тұман-ды.
Сонан соң ол
Алдаспанымен
Тауларымның
Сүбелі жерлерін
Жонып алды.
Жерімнің
Түпсіз тереңіне
Түтіктерін жіберіп
Бар қанын
Сорып алды.
Бұл ісіне ол
Асып-саспады.
Шыдай алмастан
Айқай сап жүгіріп ем,
Басымды —
Доптай домалатып! —
Шауып тастады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн сайын мен өлемiн

  • 0
  • 0

Күн сайын мен өлемiн!
Ел-жұрт оны бiле ме?!
Дей көрме сен дер едiм:
Өлген – өмiр сүре ме?

Толық

Ұлы адамның қабірі басында

  • 0
  • 0

Арқырап жатқан
Таудай қара тасқынға
Қасқайып қарсы жүретiн
Қайығым едiң.

Толық

Орақ пен балға туралы жыр

  • 0
  • 0

Кешегі ұранымыз —
Өткеніңе қаратпайтын! –
“Алға!” “Алға!” болды.
Елдік таңбамыз

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер