Өлең маған ғашық-ау, мен өлеңге – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Өлең маған ғашық-ау, мен өлеңге» атты Әбілда Аймақ жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1259
Өлең маған ғашық-ау, мен өлеңге,
Ұқсаймыз ба Қыз Жібек–Төлегенге.
Айнымайтын
Отаным бала-шағам
Шаңырағым да – жыр менің, керегем де.
Екеуміз де бүгін бір қалжырадық,
Шатассақ та әзірге алжымадық.
Өлең мені түсінбей, мен өлеңді.
Екі жақта екеуміз зар жыладық.
Жол алған бұрынғы сал-серілерден,
Алыстым түніменен Перілермен.
Шешесіз ұйықтай алмас баладаймын,
«Анаң осы» деп жырға телігеннен.
Қу дүние, неменені бұлдадыңдар,
Анам жоқ, есесіне жырларым бар.
Тіршілік, жанды жедің осыншама
Жыр түсінбес жандарды ұрғаным бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері