Жастық – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жастық» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1219
Көктемгі бір өзеннің тасқынымысың
Көбігін көкке ататұғын көкек айында.
Жаз алыс...
Аптабы сорып бастығу үшін
Жастық-ау, болсашы уайым бөтен ойыңда.
Жағаңда жап-жасыл құрақ, қурай да балдай,
Құсың жоқ шырқатпайтұғын, қондырмайтұғын.
Елесің кетерде жоқ та, туғанда бардай,
Жастық-ау, уақыт па едің қол бұлғайтұғын?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері