Өлең, жыр, ақындар

Балаш апа

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 706
/баллада/

Жетім кемпір бір өзі қой бағатын,
Жетім тамды жеті рет айналатын.
Сырқыраған тізесін шандып байлап,
Күбір-күбір сөйлейтін, ойланатын.
Шолақ өмір шолтитқан кемге налып,
Тәтті қиял кететін демде жанып.
Қойдың қиы қайнатқан тас құманнан,
Бір шәйнек шәй өзіне демдеп алып.
Бетпе-бет кеп о дүние, Құдайменен,
Отыратын өзгеше шырайменен
Терезенің шынысы жылтырайтын
Сынған жері сыланған лайменен.
Есіне алып көшкенін, өшкенін де,
Жетілік шам жағатын кешке күнде.
Сыртқа шығып қойлармен сөйлесетін,
Байыз тауып отырмай бөстегінде.
Соған қарап өлеңді өретінмін,
Бір Аллаға, кемпірге сенетінмін.
Тіршіліктен жылынар шуақ таппай,
Мен-ақ жиі сол үйге келетінмін.
Жетім кемпір, жетім ұл кемсендейміз,
«Тас бауырлар айнала өңшең» дейміз.
Біздер бірақ «тізімде» болмаған соң,
Ағайынның нарқымен өлшенбейміз.
Жұбататын біздерді аласа там,
Бататын түн, ататын қаласа таң.
Қоймен бірге ес көріп, қара көріп,
Шай беретін маған да Балаш апам.
Қоржын тамға жиып ап бар қызығын,
Көз жасымен тазалап ар-жүзігін.
Жарым түнде сұңқылдап жоқтайтұғын,
Жарық күнде жоғалған жалғыз ұлын.
Күз күніндей бесікке сыз бөлейтін,
Сондай шақта өткенін тізбелейтін.
Жолғалған ұлы түгіл, беу дүние,
Балашты да жан адам іздемейтін.
Адастырған таусылмас ой түнегі,
Ел біткен «Балаш жынды» дейтін еді.
Ел не десе, о десін, бала кезден
Табындырған кемпірдің кейпі мені.
Аман қалған мүбәрак сірі күннен
Машайықтың соңы еді тірі жүрген.
О дүниеге кеткенде қайран кемпір,
Айдалада жүріп–ақ ұлыдым мен.
* * *
Солай, солай, Балаштың сыңарымын,
Құран оқып, дем салған тұмарымын.
Балаштікі - қой еді, менде - өлең.
Жоқ болғанмен жан аға, ұғар інім.
Шемен ойды қозғадым шерленген соң,
Қалың қамыс секілді тербелген соң.
Ағайындар мені де «Балаш» десін,
Ие болса бопты да өлгеннен соң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білмеймін бұл өмірдің сұры қандай

  • 0
  • 0

Білмеймін бұл өмірдің сұры қандай,
Оншалық зауқым да жоқ құнығардай.
Адамдар бар пейлінен айырылған
Әкімдердің алдында жығылардай.

Толық

Бір пана тілеп тауға да бардым

  • 0
  • 0

Бір пана тілеп тауға да бардым,
Күркіреп құзға құладым.
Түсінбей ешкім саудада қалдым,
Қиқымнан көрпе құрадым.

Толық

Жетімсіреген жүзімдер

  • 0
  • 0

Оралып едім қайтадан,
Көп жылдан кейін ауылға.
Жұмыртқа ойды шайқаған,
Кездестім мұңды дауылға.

Толық

Қарап көріңіз