Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім,
Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім,
Құлагердей шалынып құлап едің.
Жарты ғасыр жүре алмай бұл жалғанда,
Қалды артыңда амалсыз жылап елің.
Жылап елің амалсыз жылап далаң,
Жігіт едің қара өлеңге сыр ақтарған.
Атқылаған жанартаудай тау басында,
Өлең-жырың кеудеңнен будақтаған.
Тау тұлғалы бейнесі ел жадында,
Ауыр мінез, ауыр еді салмағыда.
Даусы деген керемет әнші еді,
Құлақ түріп тыңдайтын ән салғанында.
Ұрпақ үшін бір қадам шегінбестен,
Сол үшінде шығармас елің естен.
Түн жарымда тұрып ап жыр жазатын,
Ертеңі үшін елінің ерінбестен.
Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім,
Құлагердей сүрініп құлап едің.
Ботасынан айырылган боз інгендей,
Қалды еңіреп амалсыз жылап елің.
Өзге тілден өз тілін биік қойған,
Жігіт еді абыройды, арды ойлаған!
Қазіргінің жігіті жас тайынан...
Арақ ішіп, жатып ап нарды ойнаған.
Аударған өлеңдерді кідірместен,
Өлеңдердің мағынасы бүлінбестен.
Содан болар сүйсіне әлі оқиды,
Шығармасын шығармай елі естен.
Ақын жанын аждаһар ерте алған,
Ерте алсада өшпестей мұра қалған.
Тоталитарлы жүйенің қүрбаны боп,
Жалған айып жағылып қаза болған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі