Коммунистік партия – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Коммунистік партия» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1014
Эпилог орнына

Өтер айлар, өтер жылдар,
Өтер жүздеп, мыңдап ғасыр.
Көтерілер нелер тыңдар,
Ақтарылар нелер асыл.
Ұлы халық тасқын күші
Жылдан-жылға гүлдер, қайнар,
Гүл бағындай бейне түсі,
Коммунизм жазы жайнар.
Өркенді өмір басып алға,
Талап жаңа болар ескі,
Ұқсап айқын атқан таңға,
Жарқырар ой сан көмескі.
Ұшқыр ғылым біз білмейтін
Табиғаттан тауып екпін,
Жолы — миллион жылдар — дейтін.
Бәрін билер планеттің.
Артта қалған ескіліктің
Жаңа қоғам көбін ұмытар,
Асылындай естіліктің
Тек бір сөзді ойда тұтар.
Ғасырлардың, замандардың
Жұға алмайды оған таты.
Ар-намысы адамдардың
Компартия — оның аты.
Компартия — ленинизм
Көрігінде піскен құрыш.
Майырмайтын тас та жүзін
Бар майданда алмас қылыш.
Жорықтарға жұртты бастап,
Мейірімсіз жайпап жауды,
Алға тартты кең құлаштап.
Жолда өсіріп бақша-бауды.
Қаймықпай еш қиындықтан,
Белді буып батыл кірді,
Достарына жолын ұққан
Әр ісінде болды үлгі.
Жылдан-жылға қанатын кең
Жая түсіп төңірекке.
Саясында алатын дем
Жасыл орман болды кепке.
Сондықтан да Компартия —
Бар халықтың дем алысы.
Сондықтан да Компартия —
Бар халықтың ар-намысы.
Сондықтан да Компартия —
Бар халықтың сүйіктісі.
Сондықтан да Компартия —
Бар халықтың ұйытқысы.
Ғасыр жылжып, заман өтер,
Тозбақ емес, бірақ, халық.
Компартия аты жетер
Ғасырлардан асып барып.
Партия атын халық сақтап,
Алып кетер алысқа ол.
Махаббатпен жүрер жаттап,
Барса-дағы Марсқа ол.
Мүмкін күн де, ай да сөнер,
Ешуақытта сенбес халық.
Жанындай ол жақсы көрер,
Сөзін ақыр құмарланып.
Оқығанда қуанар ол,
Компартия келгендей-ақ.
Әрбір сөзін құп алар ол,
Нақ Ленинді көргендей-ақ!

1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Коммунистік партия өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Коммунистік партия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Коммунистік партия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Коммунистік партия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері