Мұхтар Әуезовке

Бұл бетте «Мұхтар Әуезовке» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1071
Ағасын, бойың пілдей, ойың гүлдей
Гүл бояуын, кілемге шеккен түрдей.
Сол гүліңді сұрапыл дауылдарда,
Қойған да жоқ, қыраулы салқын үрмей.
Ертерек үсіді кей жапырағың,
Бірақ сені өсірген топырағың
Тамырыңды тоңдырмай соңғы жылдар
Тағы өстің көркі боп сахыраның.
Мақтан боп отаныңа туа білдің,
Кірленсең, асқындырмай жуа білдің.
Енді қайтып кірлемес, сембестей боп,
Лениннің каналынан суарылдың.
Осы еді тілегенім маған нансаң,
Секілді түтінденбей, білте май шам,
Кегіне туған елдің керік беріп.
Жұлдыздай күлім қағып қатар жансаң.
Бауырын, неге оған қуанбасын?
Бір кезде ақынды өзен су алмасын
Десем, енді айтарым: бұдан да мол,
Сабағың шешек атып жуандасын!
Гүл түрін, болсын інжу, лағыл, ақық,
Түспесін ендеріне дақ еш уақыт.
Бағында советстан, гүл жайнаған,
Сенімен қатар жасау қандай бақыт!

30 — январь, 1946.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұхтар Әуезовке өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Мұхтар Әуезовке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұхтар Әуезовке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұхтар Әуезовке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері