Сапарғали Бегалинге – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Сапарғали Бегалинге» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 788
Алпысқа келу керек Сапекеңше:
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе;
Сиятын қара кез бен қара шашқа,
Отыз бен отыз бестің бірін берсе!
Мұртының миығына аздап буырыл
Кіргенмен, көрсетпейтін ол да қу бір!..
Қоңырқай ажарында жоқ еш әжім,
Дерліктей,—
«Ұл атаулы сендей тұғыр!..»
Денеге лайық біткен қылық, мінез,
Не артық іс, бойда жоқ, не артық сөз.
Қалпынан сыпайылық бір аумайтын,
Өлшемі тұрақталған бір әділ тез,
Жеткенше талант, ойдың шама-шарқы,
Сүйсініп оқитұғын туған халқы,
Бірталай еңбек жазды, алды жарқын,
Ласы, кіршігі жоқ таза арты.
Жүз жасқа аяқ басты әкесі —
Ысқақ.
Көрген жоқ жүрер жолын ешкім нұсқап.
Сенеміз Сапекеңнің сөйтуіне,
Себебі,— туған ұл бұл, әкеге ұқсап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сапарғали Бегалинге өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Сапарғали Бегалинге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сапарғали Бегалинге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сапарғали Бегалинге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері