Тайыр Жароковке (бірінші өлең)

Бұл бетте «Тайыр Жароковке (бірінші өлең)» атты Сәбит Мұқанов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 636
(50 жасқа толуына)

Сен ойлайсың өзіңді «қумын мен» деп,
Бол, болма,... отаныңа еткен еңбек
Өз тіліңмен айтқанда,— сан шөлдерді,
Суарды таусылмайтын «Тасқын»— сел боп.
Кейде өлеңің жұлдыз боп аспанда ақты,
Оған да ажар беріп жарқыратты.
Сондықтан да советтік азаматтың
Бәрінен бұрын саған «Күн тіл қатты».
Күннен де әрі ұша бер, үстін баса!
Қалмасын, сен көрмеген ешбір таса.
Ол үшін тілейтінім: денің сау боп,
Сүйікті Мүнираңмен ұзақ жаса.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тайыр Жароковке (бірінші өлең) өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Тайыр Жароковке (бірінші өлең) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тайыр Жароковке (бірінші өлең) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тайыр Жароковке (бірінші өлең) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері