Қызылорда – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қызылорда» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 2
  • 3097
(Ақмешіт қаласының 1925 жылы Қызылорда аталуына)

Қай орда, мынау орда?
Қызылорда!
Төбесі күнге жалғас қызық орда.
Есігін еңбекшіге ашып қойып,
Қаратты күлімдете жүзін орда!
«Ақ орда», «жасыл орда», «алтын орда»,—
Жылатқан, еңіреткен халқын орда.
Қонысын, іргесін де аулақ салған,
Біздің орда олардан артық орда.
Көкорай мынау біздің қонған мекен!
Оңды қоныс қайда бар мұнан бөтен?
Көш көлікті болуы бастаушыдан,
Бастап әкеп қондырған Ленин әкем!
Қызылорда, еңбекші, сенің ордаң,
Мынау жер сенің жерің тауып қонған,
«Сырты сұлу, іші улар» тұз жаласын,
Тағы биік ұшайық, қанат қомдан!..

1925


Пікірлер (2)

Көрке

Өте керемет айтарға сөз жоқ????????????????????????????????

Сауран

Әдемі керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылорда өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қызылорда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылорда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылорда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері