Қаңтардың жарып құрсағын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қаңтардың жарып құрсағын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1170
(аударма)

Қаңтардың жарып құрсағын,
жылжиды тамшы қақтардай –
бейне бір дүние - нұр сағым
ұстатпай ағып жатқандай.
Менің де жаным қаңтардай
өзіңнен ғана тапты нәр.
Жылуың сенің жалтармай,
жүректі Күн боп қаққылар.
Жүрегім - дабыл. Күн - суық.
Тамшыға не жоқ бұл шақта?!
Бұрқасындарға тұншығып,
аязға тоңып тұрсақ та!
Жалғанның барлық тірлігін
өлшеймін сендік болмыспен –
жылуың - менің күн нұрым,
ашуың тектес әр қыспен.
Ерудің осы мәні не?
Жылусыз мен де семер ем.
Құбылыстардың бәріне
сенбеймін бірақ неге мен?
Жанымның мұзы тым қалың,
еруі де оның қиын-ды.
Жүректі қинап түрғаным,
сұрақтар шырмап миымды.
Тамшыда ой жоқ бұл жайлы –
сорғалап жатыр мүң қалмай.
Ал мені аяз тырнайды
қасірет төніп тұрғандай.

ИВАН ДРАЧ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаңтардың жарып құрсағын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қаңтардың жарып құрсағын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаңтардың жарып құрсағын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаңтардың жарып құрсағын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері