Өлең, жыр, ақындар

Аңыз

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 397
Данагөй ақылымен
Барша әлемге даңқы шыққан,
Мөлдір таза, жаңадан атқан таң сәулесіндей боп,
Келеді періштемнің әйелі су алуға.
Қасиетті Ганга өзен бұлағынан,
Елгезек қимылменен
Көсіп суын алып,
Қайтарында, алақанында су
Не құмыра да, не шелек те жоқ.
Құдіреттің күшімен жалт-жұлт етіп шайқатылып,
Гауһар-маржандай боп жиылып, дөңгеленіп,
Алақанында тек толқындар тұр.
Көңілі қуанышта қоштанып,
Жылу жүрегі нұрға толып,
Келеді әйелі қанаттанып.
Және де, бүгінде де ағымдардың үстіменен,
Басын иіп сыйынып,
Кездейсоқ зор қаунышты бір сәт –
Тұңғиықтан көктем келгендей,
Керемет сұлу жас жігіттің бейнесі,
Су бетінде пайда болды.
Сол бір жан, оның о бастан ақ,
Ой-санасын ерекше етіп жаратқан.
Тынышсыздық билеп бойын
Оның сол мезетте, сасқалақтап, қысылып,
Қарап, қарап, қашып,
Қуғандай оны – ол болса кетпей қойды.
Және де өзеннің келіп жанына,
Дүрілдеген қолымен көсіп судан,
Алғандай болды – бәрі де босқа, нәтижесіз.
Ол ма енді, өзін-өзі жоғалтқан,
Суды саусағында ұстап тұрар?
Толқынның бұйырқана,
Долдана үңгір ұйық қазғанын,
Жылтырап көзден қашып ғайып болғанын,
Үрейлене көріп тұр...
Қол әлсіз, қадам жаңылыс,
Осы жол ма үйге апаратын?
Керек пе асығу, жоқ әлде асықпау ма?
Кім білер, кейде ой да бермес көмек.
Боп-боз боп өліктей, қатып қалған.
Үнсіз...
Жұбайының көзінде – айыптау үкімі.
Қылышын ұстап қолына ол,
Күнәхарларды жазалайтын орынға,
Орман-тоғайдың ішіне сүйреп алып келді.
Кінәсізден күнәланған,
Қараптан қарап айыпталған,
Қайткенде ол енді өзін ақтап алар?..
Келеді ол қайғы басып, мұң басып,
Қан боянған қылышын жерге сүйретіп,
Қаңғып құр бос қалған үйіне.
Алдынан кездесіп баласы:
«Не болған? Кімнің қаны бұл? Әке, әке!»
«Имансыздың қаны» –
Жоқ, дұрыс емес!
Қылышта қан қатпаған,
Жүзінен сорғалап тұр,
Дәп қазір жаралаған.
Анашым! Анажаным!
Тезірек келші жаныма!
«Айтшы, ол не істеді?
Кімге ол қылышын көтерді?» –
«Сөйлеме, сөйлемегін!
Бұл қан соныкі, бақытсыз сенің анаңдікі» –
«Әке! Не деп тұрсың? Есіңді жи!
Жоқ, сөйлемегін, қылышты маған бер!
Сенде әйеліңді жазалауға болғанменен құқығың,
Бірақ та, менің анамды өлтіре алмайсың!
Сүйіктісі жұбайының соңынан,
Әйелі барып отқа түсер,
Сүйген анасының соңынан,
Адал, сенімді баласы қолына қылыш алар!»
«Тоқта! – әкесі жанайқай салады –
Уақыт бар! Тез жүгір!
Басыңды қойып жарасына
Қылышыңның ұшын тигізсең –
Анаң өмірге қайта оралар»..
Діріл қағып, танымастай болған,
Бастарынан айырылған,
Екі әйелдің денесін көріп тұр.
О, Құдайым!
Естіп, көрмеген қорқыныш!
Анасының басын алып, сүйместен,
Жақындағы құр денеге қосып қойды да,
Қылышымен жалбарына жалына,
Құдіреттімнен тілеп сөйледі.
Алдында тұр алып тұлға,
Аналық ыстық ықыласымен,
Жылуы мол, тәтті балдай ағылып,
Айтылып жатты баласына мұңлы сөздер:
«Балам, соншама асығыссың!
Анаң сенің жатыр еді,
Батыл бастың жанында –
Құрбаны болған адал соттың.
Ал сен мені қылмысты әйелдің денесіне
Мәңгілікке теліп қосып қойдың.
Ақылды еркіндікпен, жабайы құмарлықпен,
Құдайым қолдап енді мен өмір сүрем.
Көз алдымда елестейді жас жігіттің мүсіні,
Жүрегіме құпия түрде кіріп алып,
Ынтызарлығымды оған қойғандай оятып.
Ғасыр бойы ол келер қайтып,
Бірде көк аспанда биіктеп, бірде төмендеп.
Құдіреттімнің бәрі де қалауымен,
Біресе күңгірттеніп, біресе жарықтанып,
Қуаныштың жарық күнін бұйырып ол,
Алуан түрлі қанаттарына,
Бітімді сымбатты денесіне –
Табындырып – мені, пендесін,
Аздырып, арбап-алдап,
Егер де қаласа құдайым,
Жіберер, кейде таңды да, азғындырып.
Мен де, міне,
Құдайымның сүйіктісі пендесінің әйелімін,
Көкке басым тиіп тұрған,
Бірақ та, Құдайдың бір
Жаратқаны құл пендесіндей, –
Бар денеммен –
Жердің тартылыс күшін сеземін.
Ұлым, әкеңді қайғы-мұңнан жұбатқын:
Құр бостан бос қайғы уайым,
Тәкәппарлық, мейрімсіздік
Сендерді жаулап алмасын.
Ғасырлардан ғасырларға, жетіп жерде,
Бар әлемді шарлап көріңдер,
Жарыместерге жар салыңдар...
Құдіреттіме бәрі де бірдей болған,
Жарыместер де, ақылы естілер де,
Сен кім де болмағын:
Шаласың ба, кембағалсың ба,
Болмаса естен адасқансың ба,
Мейлі сен періште, күшті бол,
Көңілің қараңғы, тентек бол,
Тек қана көкке қарап көтерілесің де,
Мыңдаған ыстық жарықтарды,
Оларға ешбір құпия болмаған,
Мыңдаған бәрін де естіген тыңшыларды,
Үстіңдегінің бәрін де көресің көзбен.
Өзі жасап, бұйырған,
Ол отырған таққа келген едім,
Маған да ол, өте қатал болған.
Мәңгілік болып енді мейірбан,
Және де сіздерге де,
Мен аздап қана оған сиынып,
Ашу шақырып айқайға бассам егер,
Не айтар маған сонда менің ар-ұятым.
Маған ол қаншама қымбат тұрса да –
«Ол менің болсын өз құпиям».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт бақыт

  • 0
  • 0

Араб еліне Аллам сыйлаған
Төрт құдіретті бақытты.
Жүрек төріндегі қуаныш пен батырлық
Ешқашанда сөнбеген.

Толық

Жолаушының түнгі әні

  • 0
  • 0

Тұрып сен, шыңда, беткейде,
Жер қайғысын жырлайсың
Екі есе қасірет шеккенге,
Екі есе медет сыйлайсың!

Толық

Ай толықсып шыққанда

  • 0
  • 0

Қайтіп мені қалдырдың?
Қасірет енді жаныма!
Бұлтты кеудем қалың мұң.
Сен жоқтықтан алдымда!

Толық

Қарап көріңіз