Соғыстың соңғы көктемі – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Соғыстың соңғы көктемі» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Көп болды, жасыл тауларға,
Жап-жасыл бұлттар шөккелі.
Әкелді шуақ бар маңға,
Соғыстьң соңғы көктемі.
Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі.
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді.
Бойына таудың асылып,
Шұғыла тұрды, көк меңі.
Қызғанып, гүлін жасырып,
Қылтанақтар да көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ, алмады,
Сонау бір үйді шеттегі,
Соғыстың соңғы көктемі...


Пікірлер (22)

айгул

керемет олендер

Алфиса

Басқа соғыс туралы өлеңдері жохпа?...

Бақдаулет

Керемет оте керемет

адина

Рақмет!Тамаша өлең

адина

тамаша

Балапан

Өте керемет

Дамира

өтте керемет тақпақ

Жанель

КЕРЕМЕТ

Мықты

Мықты

Азиза

Мен мына оленди жаттап алдым

Болатбеков Инкара

Оте керемет такпак екен .Жаттап алсам Жаксы болу шеды

Марал

Пайдама жарады, рахмет!

Жанар

Керемет

Ердос

Өте әдемі өлең

Сәлем беріп отыр

Ассалаумағалайкум және басқа елді мекен еткен және басқа елді мекен еткен кезде де бір

Ақерке

Мен осы таппақты бүгін айттым өте күшті

Айбота

Өте керемет өлең жолдары

Жексенгали

Соғыстың табиғатын соншалықты дәл жеткізген будан артық олен жок сиякты.

Айару

Маған ұнады мен соғыстың соңғы көктемі жаттадым????

Томирис

Күшті ғой осының арқасында 5 алдым

Айзере

Өте кушті

Марал

Бұл жерде жарияланған Мұқағали Мақатаевтың “Соғыстың соңғы көктемі” өлеңі — соғыс пен өмірдің өткінші сәттері туралы терең сезім мен ойды керемет жеткізген поэзиялық туынды. Ақынның тілі көркем және әсерлі, соғыстың табиғатын нәзік әрі мағыналы түрде бейнелейді. Қазақ поэзиясын сүйетін оқырмандар үшін бұл шығарма — рухани бай, тәрбиелік мәні зор материал.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғыстың соңғы көктемі өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Соғыстың соңғы көктемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғыстың соңғы көктемі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соғыстың соңғы көктемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері