Түс емес, өңім – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Түс емес, өңім» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Бәрі де болды. Бәрі анық:
Ерніңнен алау таралып,
Үңілдің ұзақ қадалып
Қолдарың тиді мамықтай,
Тәнті етті төсің, сағағың
Кеудеңде күйіп — жанамын.
Түс емес, өңім... Бәрі анық —
Баурадың, балқып барамын.
Түледі жаным, тәнім де,
Өзгеріп шықтым, жаңарып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері