Құмай – Мерей Қартов

Бұл бетте «Құмай» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 753
(Алтынбас тазыма арнау)

Шақшабас, шашаққұлақ, дөңес маңдай,
Қабысқы қарыны – жылқы таң асқандай.
Қыранкөз ұмтылғанда аңды көріп,
Алтынбас-адырнадан жебе ұшқандай!

Қос шынтақ – қос қанатқа нұсқа дайын.
Азулы, үшкіл тұмсық, қысқа мойын.
Тіксирақ,
Сарсіңірлі!
Серіппелі!
Жеткізбес ұша кетсе құсқа дәйім!

Шымырсан!
Оюқұйрық!
Қалқанкеуде!
Жотасы жалт етеді желден белге!
Айтырнақ!
Аютабан,
Қылшығы – алтын!
Шалдықпас күншілікке кем дегенде!

Аз-маздау айтқан болдым тазыға сын.
Алтынбас,
Сен ұмайлық қазынамсың.
Қиқулап аңға қоссам жаһан шығып,
Мұң-шерден кеудем толы жазыламшын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмай өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Құмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері