Көзқарастыру – Мерей Қартов

Бұл бетте «Көзқарастыру» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 533
"Көз қарастырайық"-дедің де,
От жанарыңды қададың.
Шарпыған жұпар демің бе?
Өртеніп іштей барамын.

Көзіміз таймай, түйісіп,
Қайқы кірпігің тұр қатып.
Өзіңмен ойша сүйісіп,
Оңаша қалу – бір бақыт.

Мойылдай мөлдір қарашық.
Сүңгідім.
Ойлы тұңғиық.
Тілсіз де, ымсыз жарасып,
Ішімде сөнді мың күдік.

Көзіңнен көп сыр оқыдым...
Жас іркіп қалдың несіне?
Арбайды сезім-ақылың,
Көктемді салып есіме!

Кірпікті қақтың шыдамай,
Кіршіксіз тамшың сырғанап.
Төбеден төнген шұнақ Ай,
Төрелік айтып тұр қарап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзқарастыру өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Көзқарастыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзқарастыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзқарастыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері