Айман бұлақ – Мерей Қартов

Бұл бетте «Айман бұлақ» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 813
Айнадай Айман бұлақ,
Жағасы – жайлау-құрақ.
Ағады ағыл-тегіл,
Ақмаңдай сайдан құлап.

Сыңғыры керім еді,
Бұрымдай өріледі.
Асыққан алысқа тым,
Армандай көрінеді.

Бұлттар да қасқа құздан
Айманға жас тамызған.
Құлжалар суытады
Тұяғын, тасқа қызған.

Елік те еміреніп,
Айман да тебіреніп,
Үйлескен екеуіне,
Ақбеттің желі жерік.

Айнадай Айманым-ай!
Сүйеді Ай да құлай.
Ғаламат тылсымыңмен
Ғашық қып қойғаның-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айман бұлақ өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Айман бұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айман бұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айман бұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері