Абадан – Мерей Қартов

Бұл бетте «Абадан» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Тәңір-Ійем – Тау.
Ақпан...
Нұр бусанта, таң атқан.
Сирағымда – жау-қақпан.
Айға қарай із салған
абадан ем, аулақтан.
Арлы Түзін Арқаның
Ақылыма артамын.
Тор-қамақта торығып,
Ой ішінде жортамын.
Апаным-ай, киелім,
Енді, саған ійе кім?!
Көп иттердің,
Ұлып-ақ,,
Сырқыратқам сүйегін.
Жол үстінде азығым,
Алты қарыс азуым.
Маңдайыма мөрлеген
Тағдырымның жазуын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абадан өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Абадан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абадан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абадан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері