Әке туралы өлең – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Әке туралы өлең» атты Мағиза Құнапияқызы жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 12804
Жұрттың бәрі қарайтұғын құрметпен,
Ақылды еді, сымбатты еді ол кісі.
Ойға шомып бөлек жүрер дүрмектен,
Басқалардан өзгешелеу болмысы.

Шашы оның мөлдір,қою,қара еді,
Ыңғайына жығылмайтын тарақтың.
Сұлубай деп шырқайтыны бар еді,
Буына әбден балқығанда шараптың.

Әр баланың өз деңгейін бағамдар,
Түзелсін деп жиі ағама ұрысқан.
Менің қызым тегін емес дейтұғын,
Мен де тегін қыз болмауға тырысқам.

Баласы едім сондай ғажап әкенің,
Бақытты едім кезден бастап шыр еткен.
Дегеніне қоймады өмір жас едім,
Сұм найзасын түйреп өтті жүректен...

Жасыл үстел сырлас болған талай жыл,
Тұрды иесіз, жаным сондай түршікті.
Арқасына қонжиғанда басқа адам,
Көк дөнені көзінен жас ыршытты...

Күлкімді өмір сонда көміп тастаған,
Тек жымиям, бары осы менде сыр.
Көзім жасы көптеу шығар басқадан,
Оңашада жылап алам көл-көсір.

Жердің бетін аң-таң қылып аттанды ол,
Не тәйірі қырық екі жас деген.
Тұрды алдымда тас пен тікен басқан жол,
Жырым мұңлы, жаза алмадым басқа өлең.

Әке жоғын сездірмеуге тырысқан,
Кешір ана жылауықтау қызыңды.
Жер бетінде уақытша жүрміз ғой,
Түбі тәңір көрсетсе екен жүзіңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке туралы өлең өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Әке туралы өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке туралы өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке туралы өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері