Бәлкім – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Бәлкім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Қуанышым құлдилайды еңіске,
Бұрымымдай иығымнан құлаған.
Мөлдір әлем кіргізбейді мені ішке,
Келмегелі көптен күткен бір адам.

Өзі ,сөзі, сағынышы, күлкісі,
Сол әлемнің жәдігері ең қымбат.
Елес болып көрінеді жұрт іші,
Жанға айналып бара жаттым мен жұмбақ.

Оны ұмыту соншалықты қиын ба?
Ұмыттым деп сендірейін өзімді.
Талды жанар, талықсыды миым да,
Қара түнге қандырайын көзімді.
.......................................................

Жүрсең дағы қай қаланы мекен ғып,
Көрінесің жоқ адамдай еш мұңы.
Саған таққан айыптарым жетерлік,
Ұмытуға тие ме деп септігі.

Дауысың бар сәл ашықтау күмбірден,
Саған орын сыйлап ем ғой басқарақ.
Сол тағылған айыптардан бір- бірден,
Тағы өзім отырамын ақтап ап.

Шыға алмастай қалғам бүгін шырмалып,
Деген өтірік сағыну да бір бақыт.
Сөз біткеннің ыңғайынан қызғанып,
Алғандаймын ұйқымды да ұрлатып.

Аш көңілге бір талғажау табарсың,
Сәлиқаңды іздемессің Сәмен боп,
Бәлкім мені шын сүймеген боларсың,
Мына өмірдің жалғандығын дәлелдеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәлкім өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Бәлкім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәлкім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәлкім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері