Сағынатын кімім бар – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Сағынатын кімім бар» атты Ерхан Болатұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.12.2022
  • 0
  • 0
  • 1145
Сағынатын кімім бар енді менің,
Əлімсақтан несібем кем білемін.
Қара басқан жасынан қаралымын,
Емдеу үшін келгенмін ел жүрегін.

Сағынатын кімім бар, анам бар ма?
Амал бар ма, ерте алды анамды Алла?!
Туған жерге жиілеп барғым келед(і),
Кім құшағын жайып тұр маған онда.

Сағынатын кімім бар əкешім бе?
Кешіретін қалт ісін, қатесін де.
Барсакелмес еліне ол да кетті,
Ол да кеткен келмеске сəт есімде.

Сағынатын кімім бар ата ма еді,
Аузында Алла ұстанған ата жолы.
Қолда құман, иықта сүлгім ілген,
Су құйғанда айтатын батаң оңды.

Сағынатын кімім бар, əже, сіз бе?
Өзгеше əлем ұсынған əдемі ізге.
Бар тəттіні уыстап тығып беріп,
Тастап кете бардыңыз неге сіз де.

Сағынатын кімім бар, ағам бар ма,
Жағамды алса негізсіз алаңдауға.
Алаңдауға мен тіптен тырыспаушы ем,
Оны көптік көріпті маған да Алла.

Сағынатын кімім бар, қарындас па,
Маған тағдыр жазбапты бəрін баста.
Ал ендігі өмірім өтіп жатыр,
Аруласқа қарайлап, бауырласқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынатын кімім бар өлеңінің авторы кім?

Ерхан Болатұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағынатын кімім бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынатын кімім бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерхан Болатұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынатын кімім бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері