Бар бақытты – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Бар бақытты» атты Ерхан Болатұлы жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 21.12.2022
  • 0
  • 0
  • 904
Біле тұра барлығын несібеміз,
Асыға да береміз несіне біз?!
Бар бақытты барында біле алмай,
Біле алмай мезетте кешігеміз.

Себебі, біз пендеміз арманы көп,
Арманы көп, көбінің салмағы жоқ.
Барлығында барында бағаламай,
Өкінетін жандармыз қалмады деп.

Отыратын одан соң құсаланып,
Қамығатын оңаша тұсаланып.
Бағаланбас баққа да керегің жоқ,
Бір-ақ күнде бұлбұлдай ұшары анық.

Күте-тұғын үздігіп қонар күйін,
Қонар күйін еске алар жоқ əлдейін.
Өз жылуын өзіңнен таппаған соң,
Өзге бақта сайрайды одан кейін.

Еске алғаннан өзге жоқ кезің дара,
Сезімдерді түсінер сезім дара.
Өзгесіне несіне өкпелейсіз,
Енді оған кінəлі өзің ғана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бар бақытты өлеңінің авторы кім?

Ерхан Болатұлы — осы өлеңнің авторы.

Бар бақытты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бар бақытты өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бар бақытты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері