Әнуар

Бұл бетте «Әнуар» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2140
(Ә. Омарбековке)

Жігіт еді - әзілі бар, әні бар,
Жігіт еді - біздің ерке Әнуар.
Жігіт еді, боздағы еді халықтың,
Еркін, ерке жайраңдаған жаны бар.
Жүрегінен шаттық күлкі төгілген,
Ойнаушы еді келемеждеп өліммен.
Еркін сырлы ерке бөбек секілді —
Қайтып қана ол кетеді өмірден?
Қайғырмашы, Қалима сен, келеді ол,
Өмір десе өлмейтұғын ер еді ол.
Өмірі бар, жары да бар, досы бар,
Қайтып қиып мына бізді өледі ол?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әнуар өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Әнуар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әнуар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әнуар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері