Таудан биік – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Таудан биік» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 961
Сезіміңді жасыру да бір мұң ғой,
Кірпігіме асылуда бұл күнде ой.
“Көзің талса тауға қара” дейсің сен,
Таудан биік саған қарап жүрмін ғой!

Сенсіз күндер, мәнсіз күндер-жай күн ғой,
Келе жатқан келбетің бір айбын ғой.
Талпынам деп таудан биік тұлғаңа,
Саған қарай құлашымды жайдым ғой!

Жұбата алмай кейде жаның қамықса,
Қанатым жоқ жете алмадым алысқа.
Көзім талса дәптерімді жабармын,
Сағыныштан қайтем жүрек талықса?

Ұмтыл дейсің егескенге берме есе,
Бір бәйгеден озып келдім мен кеше.
Қошаметтің ортасында мұңайдым:
Сағыныштан қайтем жаным шөлдесе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таудан биік өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Таудан биік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таудан биік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таудан биік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері