Сөкпе мені – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сөкпе мені» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Қан көшеде жолықсаң қарсы маған,
Көрмегенсіп өтемін бұрылмаймын.
Қайсар жанға айналам сонда ғажап,
Ғайып болып кетеді мұңым қайғым.

Ал қасымда отырсаң назар салмай,
Қыймылыңды көңілмен күзетемін.
Сезімімді келмейді мойындағым,
Бұл мінезді мен қалай түзетермін?!

Хатың келсе қайтара хат салмаймын ,
Хаттарыңды күтемін тағы сенің.
Алыс кетсең қия алмай шырқыраймын,
Сағыныштың ағызып жаңбыр селін.

Өз жарамды емдейтін өзім біліп,
Тіпті ғажап мендегі төзімділік.
Атыңды атап түсімнен оянамын,
Елесіңмен кетемін көзімді іліп.

Сол ауылдың есімде көк терегі,
Өзегіме ойласам от келеді.
Арманым боп қаларсың қол жетпеген,
Бірақ саған ғашықпын.сөкпе мені


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөкпе мені өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сөкпе мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөкпе мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөкпе мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері