Толғатқан құм – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Толғатқан құм» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 650
(поэма)

Тау толғатса қыран ұшар басынан,
Толғатса өзен арна бұзып тасыған.
Толғатса орман көк бояумен дүр еткен,
Құм толғатса?
Жауап бар ма осыған?!

Сағыныштың шекпеніндей сағыз құм,
Бар болса егер сенде болар нағыз мұң.
Іші өртеніп жатса дағы сыр бермей,
Бүктетіліп жатып қалған абыз құм.

Құмға кел де қиялға бат не түрлі,
Селтиеді сары қурай кекілді.
Беу не қылған тым тәкаппар дүние,
Ару қыздың аршын төсі секілді.

Жүгір желдер!
Шүйінші ал жан-жақтан.
Шырқалсын ән, күй төгілсін бармақтан.
Нарын құмның құтты екен құрсағы,
Бір ғасырда екі ақынға толғатқан!

Екеуі де ардың адал құлы екен,
Өлең-теңіз, қызыл сүзген ұл екен.
Ал біреуі құмда ашылған гүл екен,
Ол кім десең Фариза мен Жұмекен.

Қарт каспиден көтерілсе дауылдар,
Қараша үйді жүнше түткен жауындар.
Әуе айланып түссе дағы бұл жерді,
Тастап кетпес шағын ғана ауыл бар.

Қамыс шулап үн қосады құм бірге,
Қыздырса құм күйдіреді күн бірге.
Ғажап үнді естіп жатып іргеден,
Бала кезден әуес болды ол күмбірге.

Ақын келді!
Қуаныштан жас парла,
Әр шумағы жүк болатын дастанға.
Ақын еді ол Табылдыша айтқанда,
«Қырда туып, қол созатын аспанға».

Құмның үстін жырымменен гүл етем,
Жұлдыздарды жіберместен түнетем.
Деп туылған,
Мақтанғанды сүймейтін,
Сабаз мінез келді өмірге Жұмекен.

Бір жолдарын оқып өрем жете алмай,
Бір жолдарды айналсоқтап кете алмай.
Бір жолдардың тереңіне баттым мен,
Өткел қоймай кеткен екен….
Өте алмай!

Бір жолдардың арбауынан шыға алмай,
Бір жолдардың ішкі сырын ұға алмай.
Бір жолдардың қонып қалдым ішіне,
Қою еді тауға түскен тұмандай…

Том-том жырлар сөрелерде тұр екен,
Күмбір күйлер шанақтарда жүр екен.
Нарын құмға көкжиек боп қосылған,
Шет-шегі жоқ беу Жұмекен, Жұмекен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толғатқан құм өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Толғатқан құм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толғатқан құм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толғатқан құм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері