Қайда тұрасыз дейсің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қайда тұрасыз дейсің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Көшесі алыппен аталатұғын,
Бақтары гүлмен жасанатұғын.
Қыраны көкке көтерілерде,
Алатау қарттан бата алатұғын.

Жүзімді желге сүйдірмейін деп,
Тәнімді күнге күйдірмейін деп.
Әйнектерімді жапырақ жапқан,
Қабаттап лыпа кидірмейін деп.

Қыздары сұлу көзі жайнаған,
Ғашық болмасқа тегі қоймаған.
Біреудің жанып бақыт жұлдызы,
Біреудің қаңғып соры қайнаған.

Қарбалас тірлік санада күмән,
Біресе жаңбыр, біресе тұман.
Жағасы-жайлау, етегі-шаһар,
Алматы дейтін қалада тұрам.

Жыр жазып тауысам сияның бәрін,
Қағазға ойдың жиямын нәрін.
Бір азаматтың алақанындамын,
Біраз кісінің қиялындамын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда тұрасыз дейсің өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қайда тұрасыз дейсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда тұрасыз дейсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда тұрасыз дейсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері