Туған күн – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Туған күн» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мамыражай, он алтысы мамырдың,
Бергеніне тәубе десіп Тәңірдің,
Туған күнін тойлағалы баламның
Үстіндеміз ду-ду, абыр-сабырдың.
Меймандарым мереке еткен төргі үйді,
Оны-мұны сөз етісіп сергиді.
Сәнмен келген сыйлықтардың қасына
Қуыршақ пен қонжық та кеп қонжиды.
Той дегенде епті қол мен күш кем бе?
Табылады іс ниет болса істерге.
Көрші сіңлім балаларды қуып жүр,
«Бармаңдар, - деп – қонақ күтер үстелге».
«Ғафу» десіп кешіккендер ашты есік,
(Кірді осылай үйге естияр жас көшіп).
Ас та келді, естіледі үн төр жақтан
«Бізге ерте, сізге мынау бас» десіп.
Тағатсыз ғой, балам әрең шыдап тұр.
Жан-тәнімен, бар демімен қуатты
Торт үстінде жеті бірдей шаншылған,
Өшірді үрлеп жанып тұрған шырақты.
(Осы күні еліктейді ел кімге?)
Кісілі боп жатқан жоқ қой төр күнде!
Сұрарыңды сұрамай-ақ алсаң да,
Шырағымды, шырағымды сөндірме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күн өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Туған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері