Туа бер, «Ту-104-ім» – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Туа бер, «Ту-104-ім»» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Қозы менен құлынның бірі туса
Қуанатын басым-ай, бала шақта!..
Енді, міне, жетпейтін жел де, құс та,
«Ту-104» таңбалы міндім «атқа!»
Жер жарықтық бүркеніп ақ бұйра бұлт,
Қалып қойды жырақта буалдыр боп!..
Күн терезе көзінен күлімдеп жылт
Қарайды, «мені де кеп қуандыр!» деп.
Көгілдір ашық аспан теңізінде
Айдың неге бозарып қаны қашқан?
Қап қойған ба, қорқыныш сезімінде
Қаңбақ-шалдың сөзінен,—«сақ бол,
жасқан!..
Жасқанба ай, көзіңді шығарман мен,
Дәм жазып, тез арада бара қалсам.
Қуанарсың жерімде шығарған мен
Егін мен орманымды ала барсам!
Бұл жолы мен бет алдым,
Отанымның Батысы бір туысқан шет еліне,
Амандасып, «біраз күн жата келдім»
Демек боп Слован мен Чех еліне.
Олар кім ед, мен кім ем қырқ жыл бұры
Оған куә өздерін,— айым, күнім!
Қайсысы айтар, даламның ойын-қырын
Өз ойы мен қырынан кем деп бүгін.
Айта алмас, күмілжір көрсе егер,
Жолымды кетіп қалған, алдын орап.
Менен де олар үйренер білім, өнер,
Туысқанға, досына, теңге санап!
Тезірек ұш, «Ту-104», ойға алған
Мекеніме тезірек жетейін мен.
Мақсаты бір, жолы бір Чех — Слован
Еліне сені мақтан етейін мен.
Туа бер, «Ту-104-ім», көбейе бер,
Құлындарың сенен де болсын ұшқыр!..
Көліксің дүниеде ең мерейі зор,

Кедергі мен бөгет жоқ, саған ешбір!
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туа бер, «Ту-104-ім» өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Туа бер, «Ту-104-ім» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туа бер, «Ту-104-ім» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туа бер, «Ту-104-ім» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері