Ерке өлең – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Ерке өлең» атты Мағиза Құнапияқызы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 707
Несіне жанбас кезде өртенемін?
Бейнетпен ақ қағазға тер төгемін?
Сен үшін ғұмыр кештім қақ бөлініп,
Басыма шығып кеткен ерке өлеңім!

Арбалып магниттей жыр күшіне,
Сыр ашпай сеннен басқа бір кісіге.
Мен қызықтым ұйқастың өрнегіне,
Қыз қызықса киімнің үлгісіне.

Қалмай қойған қасымнан жанасалап,
Ала алмадың жел сөзден арашалап.
Өзің билеп еркімді алған кезде,
Жүрді өзгелер сыртымнан тамашалап.

Қосылмай әуеніне сауық тойдың,
Қасында мұңы бардың қалып қойдым.
Сен маған бір сезімді жырлаттырып,
Жалғастыра бергенде.
Жауып қойдың.

Басқаға сірә сендей қанықпаспын,
Сенімен бірге есейдім, қалыптастым.
Сен мені бір арманға талпындырып,
Жетемін дей бергенде.
Алып қаштың!

Деген ем бақытымнан кешікпеспін,
Сағыныш жайлауына көшіп кеттің.
Жандардың мені күткен арасында,
Қалсам деп ем…
Тағы да өтіп кеттің.

Жолыққанда өзіңмен мөлдір едім,
Одан бетер жыр жазып мөлдіредім.
Сезімі тым секемшіл адам түгіл,
Ағашқа да, құсқа да.
Елжіредім.

Көрдім бірге сенімен жел өкпегін,
Түсіп алып алдыңа дедектедім.
Мойныма алғаш еркелеп асылғанда,
Қайтарып жіберуім керек пе еді?
Ерке өлең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерке өлең өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ерке өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерке өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ерке өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері