Сол күні – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сол күні» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 808
(Сәкен Иманасовтың қазасына)

Туу, өлу десек дағы заңдылық,
Тағы да бір кілт үзіліп қалды үміт.
Аямайтын болып алды сұм ажал,
Қара өлеңді қариясыз қалдырып.

Жырларыңыз қою еді мақпалдай,
Әр сөзінің салмағы бар батпандай.
Анадайдан келе жатқан тұлғаңыз,
Бүкіл ауыл көшіп келе жатқандай.

Елім десе сөз бастадың еңіреп,
Жырды тыңдап шуласатын төңірек.
Сахнада саңқылдаған дауысың,
Естілетін бір кісіден көбірек.

Ізіңді іздеп мүлгиді үнсіз қала, бақ,
Күңіренді ұлын жоқтап дала жақ.
Аңғал-саңғал өтті тағы бір ақын,
Кезіп кеттім сөрелерді аралап.

Күннің көзін бұлт торлады сол күні,
Сөгілгендей шекпен жырдың қолтығы.
Шерлене кеп жағаны ұрып жатты ұзақ,
Алабұртқан Алакөлдің толқыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол күні өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сол күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол күні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері