Сағыныштан у ұрттадым – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сағыныштан у ұрттадым» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Таулар маңғаз, нулар кербез, қыз керім,
Көктем мынау кім тағады бізге мін?
Бұлттар ғана жуып-шайып көшені,
Іздейді кеп Мұқаңдардың іздерін.

Мынау жатқан қалжыраған көшені,
Мұқаңдар көп аралаған деседі.
Көшеден із таба алмаған бұлт біткен,
Күрсініп ап, тауға қарай көшеді.

Әсем жырдан алқа- моншақ тағынған,
Қала мынау әннен шырақ жағылған.
Ақша бұлттар төге берме жасыңды,
Сен ғана ма мұқаңдарды сағынған?!

Қыз күбірін бұлттар қалай тыңдасын,
Үнсіз барып құшады кеп қыр басын.
Меннен гөрі бақыттысың ақша бұлт,
Тым болмаса көріп қалдың тұлғасын.

Сағыныштан у ұрттадым дерт іштім,
Қиялымда қарлығаштан ерте ұштым.
Сағынғанын білмейді ғой Мұқаңдар,
Бас жағында өскен қыздың Ертістің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныштан у ұрттадым өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сағыныштан у ұрттадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныштан у ұрттадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныштан у ұрттадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері