Балалық сезім – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Балалық сезім» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Адам болмас теңі жоқ,
Сен секілді теңі кетсе — емі жоқ.
«Достығымыз мәңгілікке» деп едің,
Сол достығым махаббат қой шегі жоқ.
Қатты жаны түссе де нұр, тасқа Күн,
Сендік бөтен басқа шаттық, басқа мұң.
Мен жаныңнан табыламын әрдайым,
Сен жанынан табылсаң да басқаның.
Уақыт шіркін, бақытымды ұқтырды,
Жүрегімде көтере алмас жүк тұрды.
Досым сені сүйетінін айтатын,
Сол сезімін мына маған жұқтырды.
Қызарған шам, жаздың жайлы кешінде,
Маған ұзақ қарағаның есімде.
Жүрегімнің шертіп едің ішегін,
Әлі күнге күмбірлейді төсімде.


Пікірлер (1)

Инжу

Жарысқа қатысу

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық сезім өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Балалық сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық сезім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері